Бөріжеген руынан тараған Есугейдің ұлы Шыңғысхан, жарты әлемді жаулған әйгілі қолбасшы. Бүкіл әлемді басып алуды армандаған ол өз әскеріне және басып алған аймақтардағы халыққа арнап – «Ұлы жасақ» заңын жаздырды әрі артына көптеген ұрпақ қалдырды. Қазірдің өзінде 16 миллионнан астам адамның немесе жер бетіндегі ер адамдардың 0,5% Шыңғысханның қаны бар. Сіз де айбынды моңғол билеушісінің ұрпағы болуыңыз бек мүмкін.Дегенмен сіз оның істеген әрекеттерін қайталай алар ма едіңіз? Оның заңдары бойынша өмір сүре аласыз ба? «Ұлы жасақ» заңдарының толық мәтіні біздің заманға дейін жетпесе де, бұл тест сол деректерге негізделіп жасалды.
Шыңғыс хан. Заманауи иллюстрация/ашық дереккөзден алынған
Ең оңайынан бастайық. Нөкеріңіздің бірі әлдекімнің жүгенін ұрлап алды делік. Ұрыны қандай жаза күтеді?