арнайы жоба

ЕГЕР СІЗ ШЫҢҒЫСХАН БОЛСАҢЫЗ…

Бөріжеген руынан тараған Есугейдің ұлы Шыңғысхан, жарты әлемді жаулған әйгілі қолбасшы. Бүкіл әлемді басып алуды армандаған ол өз әскеріне және басып алған аймақтардағы халыққа арнап – «Ұлы жасақ» заңын жаздырды әрі артына көптеген ұрпақ қалдырды. Қазірдің өзінде 16 миллионнан астам адамның немесе жер бетіндегі ер адамдардың 0,5% Шыңғысханның қаны бар. Сіз де айбынды моңғол билеушісінің ұрпағы болуыңыз бек мүмкін.Дегенмен сіз оның істеген әрекеттерін қайталай алар ма едіңіз? Оның заңдары бойынша өмір сүре аласыз ба? «Ұлы жасақ» заңдарының толық мәтіні біздің заманға дейін жетпесе де, бұл тест сол деректерге негізделіп жасалды.

09.04.2024
Шыңғыс хан. Заманауи иллюстрация/ашық дереккөзден алынған

Шыңғыс хан. Заманауи иллюстрация/ашық дереккөзден алынған

1

Ең оңайынан бастайық. Нөкеріңіздің бірі әлдекімнің жүгенін ұрлап алды делік. Ұрыны қандай жаза күтеді?

Қолын шауып, тірі қалса құл етеді.
Жүгенді иесіне қайтарады және өз бағасынан он есе көп айып төлейді.
Ұрыға 50 дүре соғады.
Ұрының денесін екіге бөліп өлтіреді.

Тағы да оқу