АҚШ-та партия көп болғанымен, Конгресс мүшелігіне демократтар мен республикашылдар ғана өте алады. Олардың бірнеше маңызды мәселеге қатысты көзқарасы бір-біріне түбегейлі қайшы. Бүгінде бұл қос партия арасындағы тартыс бұрынғыдан күштірек, қоғамда алауыздық оты лаулап тұр, тіпті кейбір саясаттанушылардың айтуынша, мұның арты «азаматтық соғысқа» ұласып кетуі ықтимал дейді. Бірақ сырттан қараған адам бұл партиялардың айырмашылығын анық аңғара алмауы мүмкін. Ендеше, АҚШ-тың екі ірі партиясынның өзара айырмашылығын байқап, алдағы сайлауға саналы түрде таңдау жасай аласыз ба?
Америкалықтар Дональд Трамп пен Камала Харрис арасындағы дебат қарап отыр/Getty Images
Қарапайым сұрақтан бастайық. Көк түс қай партияға тиесілі?