Бұл қандай мақұлық

Орта ғасырдың өзіндік энциклопедиялары болғаны анық. Мәселен, сондай еңбектің бірі өмірде бар және мифтік жануарлардың тізімі мен олар жөніндегі баяндар жазылған «Бестриарийлерді» айтсақ болады. Аталған еңбекте аузынан от шашқан айдаһар, қу сиреналар мен қайырымды грифондар жөнінде сөз болған. Ең қызығы, бестриарийде кез келген адам бақылай алатын кәдуілгі аңдар жөніндегі баяндар көп кездеседі (аталған аңдардың өмір салты мен мінез-құлқы сипатталған тұстары, кейде айдаһарлар жөніндегі деректерден де қызықты көрінеді). Олай болса сол бестиарийлерден алынған цитаталарға қарап отырып, қандай аң жөнінде сөз болып тұрғанын таба аласыз ба?

30.06.2024
Абердин бестиарийі (MS24; Folio 9r), Англия, XII ғасыр / Абердин университеті, Шотландия/Wikimedia Commons

Абердин бестиарийі (MS24; Folio 9r), Англия, XII ғасыр / Абердин университеті, Шотландия/Wikimedia Commons

1

Түсі шынтуайтында алуан түрлі, ғаламат сұлу әрі көпшіл бір аң бар. «Физиологта» ОЛ жөнінде, тек айдаһарды ғана жауы ретінде көреді деп жазылған. ОНЫҢ аузынан өте тәтті, қалампырдың иісіне ұқсас дем шығады. ОЛ өмірінде тек бір мәрте ғана төлдейді. Оның себебі айқын: үш бірдей төл анасының жатырына біткен соң, уақыт өте келе олар тысқа шығуға асығады. Сол үшін олар бостандыққа жатырды жарып шығады. Осылайша аталған аң азап арқалап осы өмірге келеді.

Зебра
Қабылан
Ондатра
Кабарга

Тағы да оқу