Ең әуелі сөз болды

Ең үлкен сапар бірінші қадамнан, ал көлемді роман – алғашқы сөйлемнен басталады. Көп жазушы шығармасының бірінші сөйлеміне мистикаға парапар ерекше маңыз береді. Өйткені ол туындының тұтас ниетін айқындап қана қоймайды, кітапты бастан-аяқ парақтап оқып шыға ма, әлде сөреде шаң басып қала ма – осының бәрі кітаптың қаншалықты оқырманды ә дегеннен баурап ала алғанына байланысты. Оқырмандар болса алғашқы сөйлемге олардан гөрі салқынқанды қарайды. Сүйіп оқитын кітаптарымыздың бастапқы бөлігін біз көбіне есімізде сақтай алмай жатамыз. Ал сіздің есте сақтау қабілетіңіз қандай? Сөзсіз әлем әдебиетінің шедеврі саналатын кітапты алғашқы сөйлемінен анықтай алмасаңыз да, ең болмағанда авторын еске түсіре аласыз ба?

15.09.2024
Карл Шпицвег. Кітап құрты. 1850/Wikimedia commons

Карл Шпицвег. Кітап құрты. 1850/Wikimedia commons

1

Әдеби шеберлікке баулитын курста шығармадағы бірінші сөйлемнің мәні мен маңызы туралы ұзақ әрі егжей-тегжейлі ой қозғайтын педагогті әлем тарихындағы ең танымал романдардың бірін, ғасырлар бойы көптеген адамдар зерттеген кітаптың алғашқы сөйлемін оқып беру арқылы оңай таңқалдыруға болады. «Оқырман, тұтас әңгіменің беташары саналатын бірінші тарауды ашып тұрсың». Осылай да болатын ба еді? Мұншалық қарапайым әрі аңғал авторды есіңізге түсіре аласыз ба?

Шарль де Костер
А. С. Пушкин
Цао Сюэцинь
Платон

Тағы да оқу